Қазақ Интернет газеті
Ru Ua En Kz

Контакты Бизнес предложения Пресс-релизы Официальные документы

Астана
Новости "Нефть и газ"
Новости Казахстана
Новости Украины
Новости Молдовы
Казахстан 2030
Рубрикатор двусторонних отношений
Казахстан:
Молдова:
Украина:
Подписка
Поиск

Фотогалерея

Новости Украины

Атыраулық өнерпаздар Киевте «Арт-Көктем» халықаралық балалар өнері конкурсына қатысып, бірнеше жүлделерге ие болды
21 апреля, 09:27

Сәуірдің 19-20-ы күндері Украина астанасы – Киевте Атыраудағы Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының түлектері "Арт-Көктем" халықаралық балалар өнерінің 6-шы конкурсына қатысып, бірнеше жүлделерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинадағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерорта, Орталық Азия, Еуропа, Еуразия елдерінен 3 мыңдай жас әртістер, әншілер мен бишілер қатысқан конкурс алтыншы рет өткізіліп, іріктеу және гала-концерті Сәулетшілер үйі мен «Большевик» Мәдениет сарайында өтті.

Киев жұртшылығы Құралай, Асыл, Салтанат сияқты жас аруларымыздың өнеріне де, ұлттық киімдеріне де тәнті болып, зор ризашылықтарын білдірді. Томиристі, Алтын Адамды, Төлеген мен Қыз-Жібекті арнайы тігілген киім киіп сомдаған жас әртістеріміз көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Осындай халықаралық конкурстар арқылы Қазақ елі мен Украина, басқа да елдермен арадағы достық сипатындағы қатынастарды, өзара мәдени, рухани байланыстарды дамыта отырып, жастарымыз біраз тәжірибе жинақтайды, өзге елдерден келген қатарлары өз тілінде ғана сөйлейтінін көріп, ұлттық сана оянады, қазақ тілінде ғана сөйлесуге көбірек тырысатынымыз - жақсы үрдіс», - деп ойларын білдіріп жатты бірқатар Ж.Аязбай сияқты қазақ диаспорасының Киевтегі өкілдері.

Сонымен қатар, сәуірдің 19-ы күні Атыраудан келген жас таланттарымыз 1976 жылы құрылған Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапханада Халықаралық тілдер фестивалі аясында ұйымдастырылған қазақ тілінің тұсаукесеріне қатысып, өз өнерін көрсетті.

30 жыл бойы осы Жамбыл атамыз атындағы кітапханада қызмет етіп келген украиндық қызметкерлер мынадай ерекше өнерді, ұлттық киімдерді бірінші рет көріп отырғанын айтып, Қазақстанға бір баруды армандайтынын сездірді.

Гала-концертке Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Амангелді Жұмабаев пен оның жұбайы Сара ханым қатысып, балаларға алғысын білдірді.

Суреттер

http://195.245.253.227:8080/kazlang/poster/posterhome.html

Парақтың мекен-жайы:

http://www.inform.kz/showarticle.php?lang=kaz&id=202609

Сайт: http://www.inform.kz

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат.

Сайт: http://www.inform.kz
Контакты Бизнес предложения Пресс-релизы Официальные документы