Қазақ Интернет газеті
Ru Ua En Kz

Бизнес ұсыныстары Баспасөз релиздері Baylanis Ресми құжаттар

Астана
Мұнай-газ жаңалықтары
Қазақстан жаңалықтары
Украина жаңалықтары
Moldova jangaliktari
Қазақстан 2030
Ecijakti katinastar tizimi'
Қазақстан:
Молдова:
Украина:
Jazilu
Izdeu

Fotogalereya

Украина жаңалықтары

Киівте атыраулықтар "Арт-Көктем" халықаралық балалар өнерінің конкурсына қатысып, бірнеше жүлделерге ие болды.
21 Сәуір, 09:27
19-20 сәуір күндері Украина астанасы Киівте Атырау Кіші Өнер Академиясының түлектері "Арт-Көктем" халықаралық балалар өнерінің 6-шы конкурсына қатысып, бірнеше жүлделерге ие болды. Жер Орта, Орталық Азия, Еуропа, Еуразия елдерінен 3000 мыңдай жас әртістер, әншілер мен бишілер қатысқан конурс алтыншы рет өткізіліп, іріктеу және ғала-контсерті Сәулетшілер Үйі мен Бөлшевійк Мәдениет Ғимаратында өтті. Қияндықтар Құралай, Асыл, Салтанат сияқты жас аруларымыздың өнеріне де, ұлттық киімдеріне де тәнті болып, зор ризашылықтарын білдірді. Томиристі, Алтын Адамды, Төлеген мен Қыз-Жібекті арнайы тігілген киім киіп сомдаған жас әртістеріміз көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Осындай халықаралық конкурстар арқылы Қазақ елі мен Украина, басқа да елдермен арандағы достық сипатындағы қатынастардың, өзара мәдени, рухани байланыстардың дамуымен қатар, жастарымыз біраз тәжірибе алып, салыстырып, өзге елдерден келген қатарлары өз тілінде ғана сөйлетінін көріп, ұлттық сана оянатынын, қазақ тілінде ғана сөйлесуге көбірек тырысатынымыз - жақсы үрдіс - деп ойларын білдіріп жатты бірқатар Ж.Айазбай сияақты қазақ диаспорасының Киівтегі өкілдері. Сонымен қатар, 19 сәуір күні Атыраудан келген жас таланттарымыз 1976 жылы құрылған Киів Жамбыл Жабаев атындағы Кітапханада Халықаралық тілдер фестивалі аясында ұйымдастырылған қазақ тілінің тұсау-кесеріне қатысып, өз өнерін көрсетті. 30 жыл бойы осы Жамбыл атамыз атындағы кітапханада қызмет етіп келген украиндық қызметкерлер мындай ерекше өнерді, ұлттық киімдерді бірінше рет көріп отырғанын айтып, Қазақстанға бір барып кетуді армандайтынын сездірді. Ғала-концертке Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Аманкелді Жұмабаев пен оның жұбайы Сара ханым қатысып, балаларға алғысын білдірді. Суреттері http://195.245.253.227:8080/kazlang/poster/posterhome.html парақта орналастырылған
Бизнес ұсыныстары Баспасөз релиздері Baylanis Ресми құжаттар