
 |
 |
 |
Ecijakti katinastar tizimi' |
 |
|
|
|
Қазақстан-Ауғанстан
Лондонда Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференциясы өтті
01 Ақпан, 14:31
Ү.ж. 1 ақпанда Лондонда екі күнге созылған Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференциясы болып өтті, оған 60 астам әлем мемлекеттері мен жетекші халықаралық ұйымдардың делегациялары, олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Ауғанстан, Франция, Германия, Жапония, Ресей, Қытай, Индия, Иран, Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ БҰҰ, ЕЭС, НАТО, Азиялық Даму банкісі, Дүниежүзілік банктің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан конференцияға ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев қатысты.
Есірткілерге қарсы күрес мәселелері бойынша конференцияның бірінші күні сөйлеген сөзінде Қ.Тоқаев, Ауғанстандағы есірткі жағдайының ұшығуы барлық көрші елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіпті ұлғайта түсүде деп атап өтті.
Ауғанстан айналасында «есірткісіз белдеу» құрылуын жақтай отырып, Қазақстан, оперативтік ақпаратты талдау және алмасу, сондай-ақ есірткіге қарсы бірлескен операциялар ұйымдастыру жөніндегі аймақтық орталық болатын Орталық-Азиялық Аймақтық Ақпараттық және Үйлестіру Орталығын құру жөніндегі БҰҰ-дың жобасын қолдайтынын білдіреді.
Форумның екінші жұмыс күнінде Ауғанстанның соғыстан кейінгі қайта құруы туралы мәселесі бойынша сөйлеген сөзінде Қ.Тоқаев Қазақстан осы елдің аймақтағы интеграциялық процестерге белсенді түрде енуіне мүдделі екенін мәлімдеді. Қазақстан экономика, өнеркәсіп, қаржы, көлік және білім беру саласында жоғары білімді мамандар даярлауға жәрдем көрсетуге ниетті. Бұдан бөлек, Қазақстан Ауғанстан халқын ауыз суы,дизель жанар майымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуникацияларды дамыту және қайта қалпына келтіру жұмыстарына қолдау жасауға әзір. Қазақстандық мамандар Ауғанстанның солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ кеніштерін игеруге көмек көрсетуге дайын.
Конференцияның қорытындысы бойынша «Ауғандық шарт» қабылданды, онда донор-елдердің қызметін үйлестіру жөніндегі нақты шаралар тіркеліп, 2006 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде Ауғанстанды қайта қалпына келтіру және дамыту жөніндегі екінші кезеңді жүзеге асыру тетіктері белгіленді.
Ақпарат ҚР СІМ сайтынан
|
|