Қазақ Интернет газеті
Ru Ua En Kz

Бизнес ұсыныстары Баспасөз релиздері Baylanis Ресми құжаттар

Астана
Мұнай-газ жаңалықтары
Қазақстан жаңалықтары
Украина жаңалықтары
Moldova jangaliktari
Қазақстан 2030
Ecijakti katinastar tizimi'
Қазақстан:
Молдова:
Украина:
Jazilu
Izdeu

Fotogalereya

Қазақстан жаңалықтары

28 желтоқсанда Киевте «Қазақ-Украин қатынастарының қалпы мен келешегі» тақырыбында жұмыр үстел өтті.
10 Қаңтар, 12:00

28 желтоқсанда Киевте ҚР Украинадағы Елшілігі «Қазақ-Украин қатынастарының қалпы мен келешегі» тақырыбында жұмыр үстел ұйымдастырды.

Жиналған бірқатар елдердің дипломаттары, бизнесмендер, жұрналистер және сарапшылары ұсынылған тақырыптың сан қилы қырларын талқыға салды.

ҚР Украиндағы Төтенше және Өкілетті Елші А.Жұмабаев үстіміздегі жылдың екі ел арасындағы қатынастардың дамуы тұрғысынан өте жемісті болғанын атап өтті. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 10 айда $2,53 млрд. долларға жетіп, жылдық көрсеткіші $3 млрд-тан асады. Төрт жыл ішінде ол 4 есе көбейді. Елші Қазақстанның Украинадағы Жылы шегінде өткен 200-дей іс-шаралардың маңыздлығын атап көрсетті.

Отын-энергетикалық кешен және Еуропаға мұнай мен газ жеткізудің көліктік факторы екіжақты ынтымақтастықтың даңғыл жолы болып табылады. Сол себепті де, Одесса-Броды мұнай құбырын Плоцк қаласына дейін жалғастыру жобасының келешегі зор.

Теңізбен, теміржолмен және аутокөлікпен жүктер тасымалдау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ Қара Теңіздегі порттарды бірлесе пайдалану Азия – Еуропа бағытындағы сауда жолдарының жағырапиясын кеңейтпек.

Бұған қоса, Қазақстан Украинамен ғылыми-техникалық және білім беру саласында да ынтымақтасуға өте мүдделі. Мәселен, Украинаның Қазақстан үшін техникалық кадрлар даярлау әлеуеті өте зор. КСРО кезінде республикалардың аймақтық экономикалық дамуы ерекшеліктері тұрғысынан, Қазақстанда метал өңдеу, мәшине құрылысы, авиация және ғарыш салаларында кадр тапшылығы қалыптасты. Сонымен қатар, Украинаның аталған саллардағы тәжірибесі өте зор, екіжақты ынтымақтастықөты дамытуға бұл елде ғылыми-өндірістік базаның мүмкіндіктері әбден жеткілікті.

А.Жұмабаев дипломаттар жұмысындағы экономикалық бағыттағы үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның Украинадағы Жылы шегіндегі 200-астам іс-шаралдардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында жұмыр үстелге қатысушылар екі ел арасындағы экспорт-импорт операцияларының ерекшеліктеріне тоқталып, бірлескен кәсіпорындар, өкілдіктер, ҚР заңдарының талаптарына назар аударды. Қазақстанның инвестициялық режимінің тартымдылығы атап өтілді..

Бизнес ұсыныстары Баспасөз релиздері Baylanis Ресми құжаттар